Футболшы жезөкшелер ордасына тапаншамен кіріп, полициядан бірақ шықты
Испания полицейлері «Вильярреалдың» қорғаушысы Рубен Семедуді тергеді, деп хабарлайды Marca.
Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, Семеду 2017 жылдың қараша айында екі рет бордельге келіп, қонақтарды тапаншасымен шошытқан. Айта кететін жайт, ол кезде футболшы жарақатына байланысты депмалыс алған болатын.
Бұл жағдайды заң сақшылары назарына алып, Семедуді тергеп, заңға сәйкес жауап алған. Алайда полицейлер тапаншаның ойыншық не рас екенін дәлелдей алмағандықтан футолшыны босатқан. Клуб бұл оқиғаға қатысты жауап беруден бас тартты.
Семеду «Вильярреалға» 2017 жылдың жаз айында келген. Оның трансфері 14 миллион еуроны құрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или