Патрик Твумаси жарақатынан айықты

Патрик Твумаси жарақатынан айықты

«Астана» футбол клубының футболшылары мен жаттықтырушылар штабы Біріккен Араб Әмірліктерінде жаттығу жұмыстарын жалғастыруда. Оның негізгі мақсаттары Еуропа Лигасының 1/16 финалындағы қарсыласы португалиялық «Спортингке» , сондай-ақ 2018 маусымына дайындалу, деп жазады клубтің ресми сайты.

Бүгін таңертең Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары кезекті жаттығуларын өткізді. Оған шабуылшы Патрик Твумаси де қатысты.

Естеріңізде болса, Партик мәскеулік «Спартакқа» қарсы матчтың бірінші таймында жарақат алып қалған болатын. Содан бері ол жеке қалпына келтіру жаттығуларын жасаған. Енді командамен бірге дайындалуға мүмкіндік алып отыр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или