Криштиану Роналду: Испанияда қала бергім келеді
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Испаниядағы өмірі ұнайтынын айтты.
«Әрине, Мадридтегі өмірім ұнайды, мұнда 2009 жылдан бері тұрып жатырмын. Бұл жақтың ауа-райы жақсы, адамдары жылы жүзді. Испания Португалияға жақын, сондықтан үйге көлікпен-ақ бара аламын. Испания – тамаша ел, бұл жер маған қолайлы. Әрине, осында қалғым келеді және өз клубым ұнайды», - деді 32 жастағы ойыншы.
Айта кетейік, шетелдік БАҚ Роналду МЮ-ге немесе ПСЖ-ға ауысады деген ақпарат таратқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или