Қазақстанда Ұлттар лигасының тарихи матчы өтеді

Қазақстанда Ұлттар лигасының тарихи матчы өтеді

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі тарихи футбол матчы өтетін болды.

УЕФА Ұлттар лигасының күнтізбесі анықталған. D дивизионының 1-ші тобына түскен Қазақстан алғашқы матчын 6 қыркүйекте Грузия құрамасына қарсы өтеді. Бұл матч Астана уақытымен 20:00-де басталады, яғни, бұл ойын Ұлттар лигасының ең алғашқы матчы болып тарихта сақталмақ. Негізі, бұл күні тағы сегіз матч жоспарланған. Алайда олар сәл кешірек басталады.

Қазақстанның Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі ойындар кестесі:

6 қыркүйек. Қазақстан — Грузия

10 қыркүйек. Андорра — Қазақстан

13 қазан. Латвия — Қазақстан

16 қазан. Қазақстан — Андорра

15 қараша. Қазақстан — Латвия

19 қараша. Грузия — Қазақстан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или