«Астана» ресейлік «Краснодар» командасын жеңді
«Астана» футбол клубы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізген екінші жолдастық кездесуінде де жеңіске жетті. Бұл жолы тағы бір ресейлік команда «Краснодарды» жеңді.
Абу-Дабиде өткен кездесу 3:1 есебімен елордалықтардың пайдасына шешілді.
Кездесудегі барлық голдар бірінші таймда соғылды. Алдымен «Астана» сапынан 8-ші минутта Сергей Малый көзге түсті. Араға 16 минут салып <span>Марин Томасов есепті 2:0 ге жеткізді. Осындан кейін ғана ес жиған ресейліктер ойынның 35-ші минутында бір гол соққанымен, он минуттан кейін Томасов доп айырмасын қайтадан екіге жеткізді.</span>
<span>Үзілістен кейін екі команда да гол соға алмады. Қорытынды есеп 3:1</span>
<span>«Астана» бірінші тайм: Ненад Эрич (В) (К) - Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Игорь Шитов, Сергей Малый - Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Бактиер Зайнутдинов - Марин Томасов, Джордже Деспотович - Джуниор Кабананга. </span>
<span>«Астана» екінші тайм: Станислав Павлов (В) - Дмитрий Шомко (К), Марин Аничич, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков - Срджан Граховац, Марко Станоевич, Юрий Перцух - Серікжан Мужиков, Роман Муртазаев - Алексей Щеткин</span>