Владимир Муханов: Бастысы - мінез көрсете білдік
«Ақтөбе» ФК бас бапкері Владимир Муханов «Погонь» командасымен өткен ойын жайлы пікірін білдірді.

— Бірінші тайм біз үшін қиын болды. Тактикалық тұрғыда бағытымызды дұрыс айқындай алмадық, қарсылас «үш-төрт-үш» схемасымен ойнады, біздің орталық жартылай қорғанысымызда үш ойыншының ойнауы дұрыс болмады. Допсыз көп жүгірдік. Бірінші гол өзіміздің кінәміз себепті кірді, екінші голды стандарттан жіберіп қойдық. Екінші таймды әжептәуір жақсы бастадық, қысым жасадық, қарсыластың шабуылға шығуына дер кезінде тосқауыл болып отырдық, бір гол соқтық, сосын тағы бір гол соғатын жақсы мүмкіндігіміз болды. Ол жерде төреші қателікке бой алдырды деп санаймын. Біздің қорғаушымыз бәрінен биік секірді, қарсылас ойыншысы таласқа килігіп, ойын ережесін бұзды. Бірақ ол сол сәтті аяғына дейін ойнап, «тоғыздықты» дәл көздеді. Ойынды тастап қойғанымыз жоқ, тырысып бақтық. Төртінші голды айып соққысынан жібердік. Екінші тайм тактикалық тұрғыда жақсы болды, бастысы - мінез көрсете білдік. Бірінші таймда ойыншылар бұйығы ойнады, екінші таймда өз ойындарын көрсетті. Жиындағы барлық ойындарымызда ұтылдық, бірақ қателіктерімізді көріп, түзететін тұстарымызды көріп алдық.