Қазақстан жасөспірімдері «Даму Кубогындағы» үшінші кездесуін өткізді

Қазақстан жасөспірімдері «Даму Кубогындағы» үшінші кездесуін өткізді

Беларусь астанасы Минскіде жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирдің топтық кезеңі аяқталды.

2001 жылы дүниге келген футболшылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында молдавалық құрдастарынан жеңілді.

Матчтың 68-минутында кездесудегі жалғыз голды Молдова құрамасының жартылай қорғаушысы Евгений Глига соқты.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Грузиядан 2:3 есебімен жеңілді. Украинамен өткізген екінші ойын 1:3 есебімен аяқталды. Осылай, Ерлан Махамбедиев шәкірттері өз тобында соңғы орынды иeленді.

Енді Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 10-12 орын үшін ойынды жалғастыралы. 27 қаңтар күні біздің футболшылар Финляндия мен Ресей жұбында жеңілген командамен кездеседі.

 

Қазақстан – Молдова 0:1 (0:0)

Гол: 0:1 - Глига, 68.

Ескерту: Демин, 28; Сычев, 49; Мошнега, 60.

Қазақстан: Батырханов, Иманғазеев, Жақсылықов, Жүсіпов, Дүйсембаев (к), Демин (Әжімов, 53), Шәміл, Меделхан (Жарлаев, 73), Қайтмұратов, Басманов, Герасимов (Мұхамед, 61).

Резерв: Қалтөре, Мұхамедәли, Неумывакин, Сейітов.

Молдова: Смаленя, Кожокару (Гурулеа, 71), Думбравану, Габарет, Гаю, Мошнега, Сычев (к), Моцпан (Граур, 48), Чесноков, Глига (Мурованы, 71) (Спину, 79), Станчев (Тиганеску, 71).

Резерв: Чебан, Стоянов.

Төрешілер: Д.Ковалевский, К.Титовец, В.Бабич, А.Колочинский.

25.01.2018. Минск. Минск футбол манежі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или