Дубльдің қос жеңісі
«Астана» футбол клубының қосалқы құрамы «Астана Арена» спорт кешенінде маусымға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгін Василий Маруняк шәкірттері екі ойын өткізді. Бірінші ойында қосалқы құрамға үміткер ойыншылар алаңға шықты. Олар қала Біріншілігінде өнер көрсететін «Тұңғыш Президен Қоры» командасына қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойында елордалық команда сапынан 18 жастағы Ерұлын Лес дубль авторы атанса, тағы бір голды 16 жастағы Данил Пичкарев өз еншісіне жазды. Екі ойыншы да клубтың футбол орталығының тәрбиеленушілері.
Ал дубльдің негізгі құрамы тағы бір қала Біріншілігінің өкілдері – СДЮСШОР№8 командасына қарсы ойын өткізді. Матч 5:3 есебімен Василий Маруняк шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Ойында Рамазан Каримов покер авторы атанса, тағы бір голды Лев Скворцов соқты.