Ресми: Самат Смақов - «Ақтөбе» ФК бас директоры
Бүгін, 2018 жылдың 25 қаңтарында, Ақтөбе облыстық әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен Самат Смақовтың кездесуі өтті. Аты аңызға айналған футболшы еліміздің бес дүркін чемионының бас директорлық қызметіне ресми тағайындалды.
Самат Кабирұлының клуб басшысы ретіндегі таныстырылымы қаңтар айының басында «Ақтөбе» ФК кеңсесінде өткен болатын, алайда, барлық құқықтық мәселелер бүгін ғана шешілді. «Ақ-қызылдардың» жаңа басшысы өз қызметіне ертеңнен бастап кіріседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или