Азамат Айтқожин: Ұлттық құрама Ұлттар Лигасында бар-күшін салады деп сенемін

Азамат Айтқожин: Ұлттық құрама Ұлттар Лигасында бар-күшін салады деп сенемін

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин УЕФА Ұлттар Лигасының жеребесін қорытындылады:

- Ұлттар Лигасында салмақы қарсыластар түсті деп санаймын, - дейді Азамат Серікұлы. – Топтың ішінде нағыз фаворит жоқ. Сол себепті кез келген команда жақсы ойнап, озық шығуы ықтимал. Осы құрамалармен өткізген соңғы ойындардағы нәтижелердің статистикасы қанағаттандырарлық. Біздің құрама Грузия құрамасын Астанада жеңіп, Тбилисиде тең түсті. Бұл – жолдастық кездесулер. 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде Латвиямен екі рет кездестік. Өз алаңымызда тең ойнап, сырт алаңда ұттық. Ал, Андорра құрамасын осыдан он жыл бұрын екі рет жеңген болатынбыз.

Ұлттық құрама маңызды турнирге дайындықты бастайды. Ұлттық құраманың жейдесімен алаңға шығатын футболшылар Ұлттар Лигасында бар-күшін салады деп сенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или