«Ертіске» жаңа ойыншы қосылды
«Ертіс» клубы 22 жастағы жартылай қорғаушы Владимир Воменкомен келісімшартқа отырды.
Павлодарлық футбол жанкүйерлері жартылай қорғаушымен жақсы таныс. Себебі жас футболшы өзінің кәсіби мансабын «Ертіс» ФК бастаған. 2014 жылы ойыншы павлодарлық команданың негізгі құрамында алғаш рет шыққан еді.
Өткен маусымда Теміртау қаласының «Шахтер-Болат» ФК өнер көрсетті. «Ертістің» алғашқы ОЖЖ қортындысы бойынша футболшы мен клуб басшылығы еңбек келісімін жасасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или