Криштиану Роналду: Алдымызда жеңуіміз қажет шайқастар көп
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Испания Кубогының ширекфиналында ұшып кеткеннен кейін әріптестерін жігерлендірді.
«Командамыз жігерлі. Нағыз мадридтық ерлер жиналған. Алдымызда жеңуіміз қажет шайқастар көп», — деп жазды Роналду Твиттердегі парақшасында.
<span>Мадридтік «Реал» соңғы уақытта төмен нәтиже көрсетіп жүр. Ла Лигада басты қарсыласы «Барселонадан» 19 ұпайға қалып қойса, Испания Кубогының аясында өз алаңында «Леганеске» есе жіберіп, ширекфиналдан кері қайтты.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или