«Мақтааралдың» ойыншысы Мальдив чемпионатына ауысты
«Мақтаарал» клубының жартылай қорғаушысы Анатолий Власичев келесі маусымды Мальдив чемпионатында өткізеді.
29 жастағы қырғызстандық футболшы өткен маусымда Қазақстанның Бірінші Лигасында 11 матч өткізіп, 2 гол соққан. Ендігі Анатолий Власичев мансабын TC Sports Club командасының сапында өткізеді.
Айта кетейік, Анатолий Власичев қаратаулық «Лашын», семейлік «Спартак» және көкшелік «Оқжетпес» сияқты командаларда ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или