Instat статистикасы бойынша Томасов үздік ойыншы атанды

Instat статистикасы бойынша Томасов үздік ойыншы атанды

Instat компаниясы келтірген мәліметтер бойынша елордалықтардың хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов матчтың үздік ойыншысы атанды.

Марин бірінші тайм орталарында Патрик Твумасидің орнына алаңға шығып, 74 минут ішінде екі голдың соғылуына қатысты. Алдымен Марко Станоевичке нәтижелі пас беріп, кейін Джуниор Кабананганың берген добынан соң өзі де гол соқты. Бұдан тыс Томасов қарсыласқа қиындық туғызатын пастардың саны бойынша да лидер, қарсыластарын айналып өткен «Астана» құрамындағы үздік ойыншы болды.

Барлық статистикалық деректердің негізінде жасалатын Instat Index көрсеткіштері бойынша екінші орынды елордалықтардың тағы бір өкілі, «Астана» капитаны Ненад Эрич иеленді. Тек алғашқы таймда командасына көмектескен ол Луис Адрианоның қауіпті соққысын қайтарды.

«Астана» сапындағы үздік үштікті Сергей Малый түйіндеді. Елордалық ұжымның орталық қорғаушысы да көпшілік командаластары секілді 45 минут ойнады. Ол осы кезеңде жеке күрестер саны жағынан қазақстандықтар құрамында алдына жан салмады – 80%.

Instat Index көрсеткіштері бойынша ойынның үздік бестігі:
1.Марин Томасов 337
2.Ненад Эрич 271
3.Роман Зобнин («Спартак») 271
4.Сергей Малый 270
5.Илья Кутепов («Спартак») 269

Дереккөз: fca.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или