Владимир Вайсс: Қазақстандық футболмен жақсы таныспын
Грузия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Ұлттар лигасының жеребесі туралы пікірін айтты.
- Қазақстандық футболмен жақсы таныспын, Латвиямен де жақында ойнадық. Андорра да тосынсый болмайды. Әр команданың да табысқа мүмкіндігі бар. Біздің ойыншыларымыз биыл өз клубтарында сәтті ойнайды деп үміттенемін. Күзге жоспар бойынша дайындаламыз. Өткен іріктеу кезеңінде біз жақсы ойын көрсеттік, бірақ нәтижеге қол жеткізе алмаған едік. Жеңіске жететін уақыт жетті, - деді «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының D дивизионында Грузия, Латвия және Андоррамен бірінші топқа түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или