«Ертіс» екінші жиында Димитар Димитровтың командасымен кездеседі
Павлодарлық клубтың Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиындары қайтадан Белек қаласында, 28 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Бапкерлер құрамы 4 бақылау кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі кезде 3 клуб өз келісімдерін беру керек. Бұл ретте, болгариялық «Лудогорец» жаттығу матчын өткізуге дайын екендіктерін мәлім етті. Ойын 31 қаңтар күні өтпек.
Естеріңізге сала кетейік, қарсылас команданы «Ертіс» ФК бұрынғы бапкері Димитар Димитров жаттықтырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или