«Ақтөбе» ертең Польша елінің клубымен жолдастық кездесу өткізеді
<span>«Ақтөбе» ФК ертең Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында соңғы жолдастық кездесуін өткізеді. Қарсыласымыз – Польшаның «Погонь» командасы, деп хабарлайды клубтің ресми сайты. Әрі қарай осы кезекті қарсыластарын қысқаша таныстырып өткен екен.</span>
Тарих<br /><br />«Погонь» - польшалық Шецин қаласының футбол клубы. Клуб 1948 жылы құрылған. Команда екі рет Польша чемпионатының күміс жүлдесіне ие болған – 1987 жыл және 2001 жыл, және 1984 жылы бір рет қола медальдің иегері атанған. «Погонь» Польша Кубогы финалында екі рет ойнаған, бірақ «Легия» мен «Лехке» (0:1 қ. у. және 0:1) есе жіберген.
2007 жылы «Погонь» Экстракласста 16 – шы орын алып, Бірінші лигаға ұшып кетуі тиіс болатын, бірақ қаржылық қиыншылықтарға байланысты бірден үшінші лигада өнер көрсетуіне тура келді. 2009 жылы клуб Екінші лигада екінші орын алып, Бірінші лигаға шықты.
2017/18<span> </span>жылғы маусым
Польша чемпионатының алғашқы жартысының қорытындысы бойыншы «Погонь» соңғы, 16-шы орында келе жатыр.
Стадион
«Погонь» клубының аренасы 17 783 көрермен сыйғыза алатын «Флориан Крюгер» стадионы.
Польшалық клубтың бас бапкері Коста Руинджаич
«Погонь» оқу-жаттығу жиынындағы соңғы ойында австриялық «Альтах» командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңді.
«Ақтөбе» - Погонь» матчы 25 қаңтар күні «Gloria Arena» қонақүйінің алаңында өтеді, Ақтөбе уақытымен 18:00-де басталады.