«Барселона» тағы бір футболшысын сатуға дайын

«Барселона» тағы бір футболшысын сатуға дайын

«Барселона» командасының футболшысы Алеш Видаль жақын күндері басқа клубқа ауысуы мүмкін. 

Испаниялық жартылай қорғаушы «Барселона» сапында өзін оң қырынан көрсете алмады. Бірде қорғаныста, бірде орталық алаңда ойнап көргенімен екі позицияда да каталониялықтардың көңілінен шыққан жоқ.

Енді оның басқа командаға ауысып бағын сынап көруіне тура келіп тұр. «Севилья» клубы қайтарып алғысы келгінімен, «Барселона» сұраған ақшаны төлей алмады.<br /><br />Каталониялық клуб Видальді кем дегенде 18 млн еуроға сатқысы келеді. Ал бұл сомаға келісім беретін жалғыз команда қазірше италиялық «Рома» болып тұр. Футболшының өзі де Италия асуға қарсы емес көрінеді.

Осыған дейін «Барселона» Арда Туран, Рафинья Алькантара, Хавьер Маскерано қатарлы үш футболшысын басқа командаларға сатып жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или