Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы мансабын аяқтады

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы мансабын аяқтады

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников футболдағы мансабын аяқтады. Бұл туралы футболшының өзі Instagram парақшасында мәлімдеді.

37 жастағы қақпашы әлеуметтік парақшасына ұзын-сонар жазба қалдырып, өзінің мансабын аяқтауға бел байлағанын жанкүйерлерге жеткізіпті.

«Мен бүгін сіздерге өзімнің футболдағы мансабымды аяқтаймын деп шешкенімді жеткізгім келеді. Футбол саласында жүргеніме 31 жыл толыпты. Алғаш 6 жасымда футбол үйірмесіне жетелеп апарған әкеме алғысым шексіз. Осы барыстағы барлық бапкерлеріме, командалас серіктеріме, жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Сонымен қатар Қазақстан еліне айтар алғысым да жетерлік. Маған танытқан қонақжайлылықтарына ризашылығымды білдіремін», - деп ағынан жарылған Андрей мырза сөз соңында болашақ жоспарымен де бөлісе кетуді ұмытпапты, «Алдағы уақытта өзімнің шағын бизнесімді жүргізсем деген жоспарларым бар», - дейді бұрынғы футболшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или