Бородюк қызметінен кету үшін өтемақы талап еткен
Жақында футболдан Қазақстан құрамасын жаттықтырған Александр Бородюк қызметтен кеткені хабарланған еді.

Алайда, нашар нәтиже көрсеткені үшін кешірім сұрап, өздігінен қызметінен кетіп бара жатқан Бородюк жоқ. Оның аяқталмаған келісімшарты үшін Қазақстан футбол федерациясы ресейлікке өтемақы төлейтін болды.

Федерацияның жаңа басшылығы ұлттық құраманың бапкерін жұмыстан босату үшін оның қойған талабын қабыл алуына тура келді. Бородюк 2019 жылдың соңына дейін жұмыс істейтін келісімшартты бұзғаны үшін 6 айлық жалақы мөлшерінде өтемақы талап етті. Және өзі үшін ғана емес, сонымен қатар ресейлік көмекшілерінің де қалтасын қалыңдатуды сұрады. ҚФФ-нің басшылары оның осы шартын қабыл алса ғана қызметінен кететінін айтқан.

Ресейлік маманның бұлай шарт қоя алуына бұрынғы басшылар кінәлі. Егер әу баста келісімшарт мазмұнына "Ойын нәтижесі ойдағыдай болмаған жағдайда, келісімді екіжақты бұзамыз" деп келіскенде дәл мынадай әурешілік болмас еді.