Қытайлық клуб Маскерано үшін «Барселонаға» 5,5 млн еуро төледі
«Барселона» клубының баспасөз қызметі аргентиналық қорғаушы Хавьер Маскераноның командадан кететіндігін растады. Испан кубогы аясында «Эспаньолге» қарсы ойын алдында ойыншымен ресми қоштасу салты өткізіледі.
33 жастағы футболшы 26 қаңтардан бастап қытайлық «Хэбэй Чайна Форчун» командасының қатарына қосылатын болады. Қытай клубы Маскерано үшін «Барселонаға» 5,5 миллион еуро төледі.

Хавьер католониялық командаға 2010 жылы тамызда келген. Содан бері 334 ойында алаңға шықты. Бұл көрсеткіш бойынша ол клуб тарихындағы ең көп алаңға шыққан шетелдік ойыншылардың үздік үштігіне кіреді. «Барселона» сапында Месси Мен Дани Алвес ғана Маскеранодан көп ойын өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или