Леон Горецка «Шалькеден» кетеді

Леон Горецка «Шалькеден» кетеді

Германиялық «Бавария» командасының ресми сайты жас жартылай қорғаушы Леон Горецкамен келісімге келгенін мәлімдеді.

<span>22 жастағы Германия ұлттық құрамасының ойыншысы «Баварияға» тегін келді. Себебі, оның қазіргі командасы «Шалькемен» келісімшарты биыл жазда бітеді. Соған байланысты футболшы кез-келген командаға еркін агент ретінде ауысуына болады. </span>

<span>Бірақ, қазіргі командасы сапында келісім мерзімі аяқталғанша өнер көрсетеді. Сөйтіп, жазда Германия чемпионының қатарын толықтырады. Алғашқы келісімшарт төрт жылға жасалып отыр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или