Генрих Мхитарян «Арсеналда» екі түрлі номермен өнер көрсетеді

Генрих Мхитарян «Арсеналда» екі түрлі номермен өнер көрсетеді

Жақында ғана «Арсеналға» ауысқан Генрих Мхитарянның жаңа командасында 7-інші номермен өнер көрсететіні белгілі болған еді. Алайда, армениялық футболшы алдағы уақытта екі түрлі номер тағуы мүмкін.

7-інші номерді алдыңғы жарты маусым Генрихтің орнына «Манчестер Юнайтедке» барған Алексис Санчес киген болатын. Еуропа лигасының ережелеріне сай кез-келген клуб бір маусымда ұқсас номермен тек бір ғана футболшыны тіркей алады.

Жыл басынан бері Санчес 7-інші номерді киіп Еуропа лигасында өнер көрсетіп қойғандықтан, Мхитарян бұл номермен Еуропа лигасында ойнай алмайды. Демек, лондонлық клуб Генрихті ЕЛ-сына қатысатын футболшылар қатарына қосқысы келсе, сөзсіз басқа номермен тіркеуіне тура келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или