Жеткіншектеріміз жігер таныта алмады
Беларусь астанасы Минскіде жасөспірімдер арасында «Даму кубогы 2018» халықаралық турнирі өтіп жатыр.
С тобында бақ сынап жатқан 2001 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өте нашар өнер көрсетуді. Топтағы алғашқы екі ойында да жеңіліс тапты. Кеше Грузия құрамасына есе жіберген еді, бүгін Украинадан келген құрдастарына да қауқар таныта алған жоқ.
Алдымен Грузин жастарынан 2:3 Есебімен ұтылды. Бірінші таймда тәп-тәуір ойнап, есепте басымдылық танытқанымен, екінші таймда шеберліктерінен ши шықты. Қатарынан екі гол жіберіп жеңіліс тапты.
Ал бүгін украиналық жасөспірімдер Қазақстаннан барған құрдастарына 80 минут бойы сабақ өтті десек де болады. Біздің жеткіншектерде жеңіске деген жігер де, мінез де байқалмады. Тіпті, шеберліктері де қарсыластарынан көш кейін жатқаны көрініп тұрды.
Ерлан Махамбедиев шәкірттерінің көрсеткен өнеріне қарап, жанкүйерлердің көңілінде бұл буын қазақ футболын аса бір талантты түлекпен қуанта алмас па екен деген қауып туындап отыр.
Қазақстан - Украина 1:3 (0:2)
Голдар: 0:1 - Биловар, 18 ; 0:2 - Сикан, 37 ; 0:3 - Волошин, 42 ; 1:3 - Қайтмұратов, 63.
Ескерту: Жүсіпов, 36; Жақсылықов, 43; Швырев, 45.
Қазақстан: Батырханов, Иманғазеев, Жақсылықов, Жүсіпов (Мұхамедәли, 76), Дүйсембаев, Шәміл, Қайтмұратов (Жарлаев, 76), Басманов (Сейітов, 60), Әжімов (Демин, 48), Герасимов (Мұхамед, 60), Швырев (Меделхан, 48).
Резерв: Қалтөре, Неумывакин.
Украина: Нещерет (Горох, 55), Аусси, Биловар, Бодня, Данилюк (Ярош, 55), Мудрюк, Надольский (Желизко, 55), Пидручный (Хондак, 69), Сикан (Варянык, 55), Шулянский (Мельничук, 61), Волошин (Шамыч, 61).
Төрешілер: В.Наронский, П.Забелло, А.Назарович, Д.Марков – (барлығы - Беларусь)
23.01.2018. Минск. Минск футбол манежі.