Өзбекстан жастары Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Өзбекстан жастары Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Бүгін 23 жасқа дейінгі құрамалар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында Өзбекстан жастары Оңтүстік Корея құрамасын жеңді.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 сесбімен тең бітіп, әрі қарай қосымша уақыт белгіленді. Осы 30 минут ішінде оңтүстіктегі көршілеріміз қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соғып, финалға жолдама алды. Бұл Өзбекстан құрамасының алғаш рет жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетуі болмақ.

Өзбектердің финалдағы қарсыласы Вьетнам жастары. Финалдық кездесу 27 қаңтар күні өтеді.

Жастар арасында Азия чемпионаты. Жартылай финал.

Өзбекстан 4:1 Оңтүстік Корея.

Голдар: Забихилла Уринбаев, Азиз Ганиев, Джасур Яхшибаев, Акрам Камилов - Хванг Хюн-Су

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или