Өзбек форварды «Ордабасыға» ауысады

Өзбек форварды «Ордабасыға» ауысады

Өзбек шабуылшысы Иван Нагаев мансабын шымкенттік «Ордабасыда» жалғастырады.

Өзбекстандық БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, Нагаев кеше ресми түрде «Бухарадан» кетті. Футболшы енді шымкенттік «Ордабасыда» өнер көрсетпек.

Иван Нагаев бұған дейін өзбекстандық «Насаф», «Металлург Бекабад», «Навбахор», «Бунедкор», «Динамо Самарқанд», «Локомотив Ташкент» және «Бухара», сондай-ақ, кувейттік «Аль-Кадисияның» намысын қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или