«Неймар» ПСЖ фанаттарына ренжіп, келесі матчқа шықпауы мүмкін

«Неймар» ПСЖ фанаттарына ренжіп, келесі матчқа шықпауы мүмкін

ПСЖ жұлдызы Неймар Франция Кубогында «Генгамға» қарсы ойынға шықпауы мүмкін.

Le Parisien ақпаратына сүйенсек, футболшының жарақаты ауыр емес. Алдағы матчта ойнай алады. Бірақ Неймардың өзі Чемпиондар лигасының матчтары алдында тәуекелге барғысы келмей отыр.

Оның үстіне, Неймар ПСЖ-ның жанкүйерлеріне ренжіп қалған екен. Себебі, «Дижонға» (8:0) қарсы ойында бразилиялық жұлдыз әріптесі Эдинсон Каваниге пенальти тебу мүмкіндігін берген жоқ. Кавани сол сәтте гол соқса, клуб тарихындағы үздік сұрмерген болатын еді. Неймардың бұл ісіне қарсы болған жанкүйерлер ысқырып, бұл әрекетімен келіспеген.

Айта кетейік, ПСЖ – «Генгам» матчы 24 қаңтарда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или