«Оқжетпес» Ресейдің үшінші дивизионынан ойыншы алды

«Оқжетпес» Ресейдің үшінші дивизионынан ойыншы алды

Қысқы трансфер кезеңінде көкшетаулық «Оқжетпес» сапына тағы бір ойыншы қосылды.

«Долгопрудный» ойыншысы Никита Баженов мансабын Қазақстан Бірінші лигасында көкшетаулық клубта жалғастырады. Баженов өз мансабында мәскеулік «Спартак» пен «Томь» клубтарында өнер көрсеткен. Былтыр «Долгопрудный» сапына ауысып, 13 матчта 9 гол соқты. 

Айта кетейік, «Оқжетпес» былтырғы маусымда ҚПЛ-да соңғы орын алып, төменгі дивизионға ұшып кеткен болатын.

Ал «Долгопрудный» Ресейдің үшінші дивизионында өнер көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или