Мұхамбет Тамабай: Тәжірибелі қақпашылардан әрдайым үйренуге тырысамын

Мұхамбет Тамабай: Тәжірибелі қақпашылардан әрдайым үйренуге тырысамын

Негізгі команданың жиынында жүрген «Ақтөбенің» жас қақпашысы Мұхамбет Тамабай қақпашы амплуасын не себепті таңдағаны жайлы, жиын барысы мен өз болашағы жайлы айтып берді. 

-Мұхамбет, не себепті қақпашы болдың? Көптеген балалар кішкентай кездерінде гол соғу үшін, өзіне назар аударту үшін шабуылшы немесе жартылай қорғаушы болғысы келеді ғой. 

-Басында мен алаңдағы ойыншы болып бастадым. Сосын менің алғашқы бапкерім Серікбай Қойбағаров менің бойыма қарап, қақпаға тұрғызды. Содан бері мен қақпашымын. Бұған өкінбеймін. 

-Сен үшінші жыл қатарынан негізгі команданың оқу-жаттығу жиынына қатысып келесің. Мол тәжірибе алған шығарсың? 

-Әрине. Себебі мен Андрей Сидельников, Самат Отарбаев сынды хас шеберлерден көп нәрсе үйрендім, қазір Жасур Нарзикуловпен бірге жұмыс жасап жатырмын. Тәжірибелі қақпашылардан әрдайым үйренуге тырысамын. 

- Сен әлі жассың. Командадағы болашағыңды қалай елестетесің? 

-Мен өзімнің туған команда ойнағым келеді. Бірақ ол үшін аянбай еңбек ету керек. Әр ойын, жаттығу сайын шыңдала түсетініме сенемін. 

-Кешегі ойын жайлы не айтасың? 

-Мені екінші таймда ойынға қосып, жолдастық кездесуде сенім артқан бапкерлік штабқа алғыс айтамын. Қорқыныш болған жоқ, сәл толқу болды. Жеңіліп қалғанымыз өкінішті, әрине. Осындай жиындар сол кеткен қателіктерді түзету үшін беріледі. Кез-келген ойын ең жақсы жаттығудан артық. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или