Қазақстан жасөспірімдері Грузияға есе жіберді

Қазақстан жасөспірімдері Грузияға есе жіберді

Беларусь астанасы Минскіде жасөспірімдер арасында «Даму кубогы 2018» халықаралық турнирі басталды.

2001 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму Кубогының алғашқы матчында Грузиядан келген құрдастарымен ойнады.

Ерлан Махамбедиев турнир алдында тізімге өзгеріс енгізіп, қақпашы Ғазиз Қалтөре мен шабуылшы Вячеслав Швыревті шақырған еді.

Ойын жылдам голдан басталды. Кездесудің бесінші минутында бас төреші айып алаңында ойын ережесі бұзылғанын байқап, Қазақстан құрамасының қақпасына он бір метрлік айып добын белгіледі. Грузия құрамасының капитаны Зурико Давиташвили нүктеден мүлт кетпеді. Біздің қақпашы Дулат Батырханов доптың бағытын дәл тапқанымен, қатты соққыны қайтара алмады.

Кездесудің жиырмасыншы минутында біздің қақпашы шеберлігін көрсетіп, тоғыздыққа бара жатқан допты қайтарды. Қарсыластың есепті ұлғатуюына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін біздің команда ойындағы басымдықты тартып алып, үзіліске дейін есепте алға шықты. Алдымен кездесудің 23-минутында оң қапталдан көтерілген айып добын шабуылшы Матвей Герасимов қақпаға баспен бағыттады. Араға екі минут салып Жалғас Жақсылықов сол қапталдан әуелете берген допты қақпа торына дарытты.

Үзілістен кейін екі команданың жаттықтырушылар штабы бірнеше ойыншына алмастырды. Сонымен қатар, жарақатына байланысты екінші таймның басында қорғаушы Асылбек Нұрсейіт ойынды жалғасыра алмады. Оның орнына жартылай қорғаушы Илья Демин шықты. Кездесудің екінші бөлігінің ортасына дейін есеп сақталып  тұрды. Ал, әрі қарай голды тек грузиялық футболшылар соқты. Алдымен, қорғаушы Цотне Капанадзе таразы басын теңестірсе, жеті минуттан кейін шабуылшы Георгий Гулиашвили өз командасына үш ұпай сыйлады. Қорытынды есеп – 3:2.

Біздің топтағы алғашқы ойында Украина мен Молдова құрамалары кездесіп, алғашқысы 4:0 есебімен жеңіске жетті. Ертең Қазақстан мен Украина құрамалары ойнайды. Матч Астана уақытымен 19.40-та басталады. Грузия мен Молдова өзара бақ сынасады.

Грузия – Қазақстан 3:2 (1:2)

Голдар: 1:0 - Давиташвили, 7; 1:1 - Герасимов, 23; 1:2 - Жақсылықов, 25; 2:2 - Капанадзе, 62; 3:2 - Гулиашвили, 69.

Ескерту: Жүсіпов, 18; Шаликашвили, 63.

Грузия: Харшиладзе, Капанадзе (Чикрадзе, 75), Ноникашвили, Гелашвили, Шварц (Абзианидзе, 41), Чоталишвили (Якобидзе, 41), Меквабишвили, Шаликашвили, Кварцхелия (Деканосидзе, 80+3), Давиташвили, Гуляшвили.

Резерв: Куталадзе, Бакрадзе, Каландадзе, Чавчанидзе, Гагуа.

Қазақстан: Батырханов, Иманғазеев, Нұрсейіт (Демин, 45), Жақсылықов, Жүсіпов, Дүйсембаев, Шәміл, Қайтмұратов (Меделхан, 46), Басманов, Герасимов (Мұхамед, 46), Швырев (Жарлаев, 66).

Резерв: Қалтөре, Мұхамедәли, Сейітов, Әжімов.

Төрешілер: Марков, Бабич, Титовец, Волков – (барлығы - Беларусь)

22.01.2018. Минск. Минск футбол манежі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или