Хесус Вальехо жарақат алды

Хесус Вальехо жарақат алды

Испаниялық «Реал Мадрид» командасының баспасөз қызметі қорғаушы Хесус Вальехоның жарақаты жайлы мәлімдеме жасады. 

Хабарламада айтылуынша, жас футболшының оң жақ санының сіңірі созылып қалған. Бірақ, қанша уақытта алаңға оралатыны айтылмаған. Әдетте мұндай жарақат 4-6 аптада қалпына келеді. Вальехо бүгін Испанияның <span>Sanitas La Moraleja университеті жанындағы емханаға жатқызылды. Ол енді кемі 1,5 ай футбол ойнай алмайды.</span>

<span>Естеріңізде болса, Хесус Испания кубогы аясында өткен «Леганес» командасына қарсы ойынның 15 минутында жарақат алған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или