Роналду «Реалдан» жазда кетеді

Роналду «Реалдан» жазда кетеді

Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес шабуылшы Криштиану Роналдуды маусым аяқталғанда басқа командаға жіберуге келісімін берді. 

32 жастағы португалиялық футболшының келісімшарттағы құны 1 миллиард еуроны құрайды. Бұған дейін Роналдуға қытайлық «Тяньцзинь Цюаньцзянь», франциялық «ПСЖ» және англиялық «Манчестер Юнайтед» клубтары тарапынан қызығушылықтың бар екені белгілі болған еді. 

«Алтын доптың» бес дүркін иегерінің «королдік» командадағы жағдайы мәз емес. Мадридтік команданың жанкүйерлері Роналдудың командадан кеткенін қаласа, клуб президенті Флорентино Перес португалиялық футболшыдан тез құтылудың жолын іздестеруде. Ал Роналдудың, керісінше, клуб президентіне өкпесі қара қазандай. Перес Роналдуға жаңа келісім ұсынып айлығын көтеруді уәде еткенімен сөзінде тұра алмаған. 

Биылғы маусымда Роналду «Реал» үшін Испания біріншілігнде бар болғаны төрт ақ гол соққан. Ал Зиданның командасы басты бәсекелесі «Барселонадан» 19 ұпай кем жинаған. 

Роналду мансабында «Алтын допты» бес мәрте жеңіп алған. «Реалдың» тарихындағы ең үздік сұрмергені. Мадридтік ұжымның сапында өткізген 418 ойында 422 мәрте көзге түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или