Станоевич: Әр ойында жеңіске жетуіміз керек

Станоевич: Әр ойында жеңіске жетуіміз керек

Астана» Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы жолдастық кездесуін Ресей чемпионы мәскеулік «Спартак» командасына қарсы өткзізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойында алғаш болып есеп ашқан елордалық команданың жаңа ойыншысы Марко Станоевич клубтың баспасөз қызметіне кездесу туралы өз ойымен бөлісті.

- Бүгін біз өте мықты қарсыласқа қарсы ойын өткіздік. Алаңда екі команда да жақсы ойын өрнегін көрсете алды. Біздің дайындықты бастағанымызға 10 күн ғана болғанын ескерсек, ойын сапасы туралы айту ертерек. Бізге әлі де көп еңбектену қажет. Дегенмен, бүгінгі ойын біздің дұрыс бағытта екендігімізді көрсетті. Егер тыңғылықты дайындалатын болсақ, бұдан да жақсы, мықты бола түсеміз.

- Жаңа маусымға дайындық барысындағы алғашқы ойында жеңіске жету қаншалықты маңызды болды?

- Әрине, әр ойында жеңіске жетуіміз керек. «Астана» – ол  жанкүйерлер, бапкерлер құрамы және клуб басшылығы әр ойында жеңіс күтетін команда. Және де біз ойыншылар, әр матчқа тек жеңіс үшін шығуымыз керек.

- Сіздің «Астана» сапындағы алғашқы ойында гол соққаныңызды ескеретін болсақ, командаға толықтай бейімделіп үлгерді деуге бола ма?

- Мен өзімнің соққан голым туралы ойламаймын. Ал бейімделу жағына келер болсақ, ол өте жеңіл өтті. Мен командаға енді ғана келген ойыншы болсам да, осы ұжымда бірнеше жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқандаймын. Ал мұның басты себебі, команда ішіндегі жақсы атмосфера мен ойыншыларға тікелей байланысты.

- Сіз Станимир Стоилов бапкердің қол астында алғаш рет оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырсыз. «Астана» футбол клубының оқу-жаттығу жиынынан алған әсеріңіз қандай?

- Клуб және бапкерлер құрамы алдарына өте жоғары мақсаттар қояды деп сеніммен айта аламын.  Бапкерлер құрамы біздің жолдастық кездесулерде өзімізді жақсы қырымыздан көрсетіп, алдағы Еуропа Лигасының 1/16 кезеңі аясында өтетін «Спортингке» қарсы ойынға және алдағы маусымға 100%  дайын болуымыз үшін бізді дайындап жатыр. Оқу-жаттығу жиыны барысында бапкерлер құрамының алға қойған мақсаты мен жоғары деңгейі анық көрініп тұр. Команда құрамындағы әр ойыншыдан не қажет екендігін өте жақсы біледі. Олар сенен қажет дүниені орындауыңды талап етсе, біз соны лайықты деңгейде атқара алсақ, онда ешқандай мәселе болмайды деп ойлаймын. 

 

Дереккөз: fca.kz

Фото: fca.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или