Станоевич: Егер тыңғылықты дайындалатын болсақ, бұдан да жақсы, мықты бола түсеміз
Астана» Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы жолдастық кездесуін Ресей чемпионы мәскеулік «Спартак» командасына қарсы өткзізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Ойында алғаш болып есеп ашқан елордалық команданың жаңа ойыншысы Марко Станоевич клубтың баспасөз қызметіне кездесу туралы өз ойымен бөлісті:</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Бүгін біз өте мықты қарсыласқа қарсы ойын өткіздік. Алаңда екі команда да жақсы ойын өрнегін көрсете алды. Біздің дайындықты бастағанымызға 10 күн ғана болғанын ескерсек, ойын сапасы туралы айту ертерек. Бізге әлі де көп еңбектену қажет. Дегенмен, бүгінгі ойын біздің дұрыс бағытта екендігімізді көрсетті. Егер тыңғылықты дайындалатын болсақ, бұдан да жақсы, мықты бола түсеміз.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Дереккөз: fca.kz</span>