Стоилов: Ойын есебіне аса мән беріп қажет емес

Стоилов: Ойын есебіне аса мән беріп қажет емес

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стоилов Ресей чемпионы «Спартакқа» қарсы өткізген кездесу туралы өз ойымен бөлісті.

- Біз бүгін ойынның бірінші таймында өте жақсы жылдамдықта, ұйымдасқан футбол көрсеттік. Ал екінші таймда аздап жылдамдықты төмендетіп алдық. Бұл біздің маусымға дайындығымыздың бастапқы кезеңі екендігін ескерсек, бүгінгі көрсеткен нәтижеміз жаман емес. Алайда, ойыншылар негізгі құрамға іліну үшін өздерінің ерік-жігері мен құлшыныстарын көрсетулері қажет. «Спартак» сияқты командаға қарсы кездесуде жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Дегенмен, бізге әлі де көп еңбектену керек. «Спартак» ойыншылары оқу-жаттығу жиыны соңында аздап шаршағандықтары байқалады.  Алайда, екі команда жақсы ойын өрнегін көрсете алды.

- Жалпы алғанда осындай кездесулердің нәтижесі қаншалықты маңызды?

- Ойын есебіне аса мән беріп қажет емес. Себебі, бұл жәй ғана жолдастық кездесу. Әрине, жеңіс өз күшіңе деген сенімділікті арттырады. Мен үшін команданың ойындағы жылдамдығы мен ұйымдасқан ойын үлгісін көрсетуі маңызды. 

Естеріңізге салайық, бүгін елордалық клуб жолдастық кездесуде Ресей чемпионы мәскеулік «Спартакты» 3:2 есебімен жеңген болатын.

 

 

 

Дереккөз: fca.kz

Фото: fca.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или