Саян Хамитжанов: «Спартакқа» қарсы жеңісті ойынды жоғары бағалауға болмайды»
«Астана»футбол клубының президенті Саян Хамитжанов «Спартак» (Мәскеу) - «Астана» (2-3) арасындағы жолдастық кездесудің нәтижесі туралы өз пікірімен бөлісті:
- Екі команда жолдастық кездесу өткізгендігіне қарамастан, кез-келген ойынның нәтижесі маңызды. Ресей чемпиондарына қарсы ойында біз осыдан екі жыл бұрын ОЖЖ-ы аясында кеткен есемізді қайтарғымыз келді. Біздің команда «Спартакқа» қарсы кездесуде сенімді түрде жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Дегенмен, ойын оқу-жаттығу жиыны аясында өткендіктен, бұл жеңісті жоғары бағалауға болмайды. Біз УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 кезеңіне жоспарға сай дайындалып жатырмыз. Бүгінгі кездесу еурокубок додасы мен наурыз айының басында басталатын чемпионатқа дайындықтың бір кезеңі іспеттес. Менің ойыншыларым «Спортинге» қарсы кездесуге тыңғылықты дайындалып, жауапты қарағанын қалаймын.
- Ойын соңында «Астана» екі гол жіберіп, команда минималды есеппен ғана жеңіске жетті. Осының себебін түсіндіре аласыз ба?
- Оның барлығы команданың матч соңына таман босаңсып кетуінде деп ойлаймын. Алайда, еурокубоктер аясындағы кездесулерде дәл мұндай қателіктер кешірілмейді. Сондықтан, команда ойыншылары ойынның алғашқы минутынан, соңғы секундына дейін барынша жоғары деңгейдегі ойынын көрсетуі керек.
- Осы кездесуде команданың барлық жаңа ойыншылы алаңға шықты. Олдардың ойыны қандай әсер қалдырды?
- Жаңа ойыншылардың ерекше құлшыныспен ойнап жатқандығы байқалады. Олардың болашақтары тек өздеріне байланысты.
Дереккөз: fca.kz