«Астана» мәскеулік «Спартакты» жеңді

«Астана» мәскеулік «Спартакты» жеңді
«Астана» футбол клубы БАӘ-де жолдастық кездесу өткізіп, 2018 жылды жақсы бастады.

Елордалықтардың су жаңа ойыншысы Марко Станоевич 19-шы минутта есеп ашқан. «Астана» екінші голды 33-ші минутта соқты. Бұл жолы көзге түскен - хавбек Марин Томасов.

Екінші таймның 75-ші минутында сербиялық форвард Джордже Деспотович үшінші голды соғып есеп айырмасын алшақтатты. Бірақ, көп ұзамай мәскеуліктердің шабулышысы Квинси Промес пенальтиден гол қайтарған. 89-шы минутта «Спартак» тағы гол соқты. Авторы Педро Роша. Қорытынды есеп 3:2.
Станимир Стоиловтың шәкірттері Еуропа Лигасы аясында «Спортингке» қарсы өтетін матчқа тас-түйін дайын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или