Қазақстандық футболшы неміс Бундеслигасында гол соқты
Қазақстан құрамасының ойыншысы Константин Энгель үшінші Бундеслиганың 21-ші туры аясында «Веен» командасына қарсы өткен матчта гол соғып, көзге түсті.
«Оснабрюк» командасының қорғаушысы 2017 жылдың тамыз айынан бері алғаш рет жасыл алаңға шықты. Энгель біріншіліктің күзгі бөлігі мен желтоқсан айын ауыр жарақатының салдарынан өткізіп алған болатын.
Қазақстан құрамасының ойыншысы гол соғып, матчтағы таразы басын теңестіргенімен, артынша «Веен» ойыншылары жауапсыз төрт гол соқты. Есеп -<span> 1:5. Энгельдің командасы үшінші Бундеслигада 15-ші сатыға жайғасқан.</span>
<iframe width="785" height="440" src="https://www.youtube.com/embed/i-srYduCeV0" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или