Владимир Муханов: Ойын біз үшін оңайға түскен жоқ
«Ақтөбе» бас бапкері Владимир Муханов «Оренбургпен» болған жолдастық кездесуден соң пікір білдірді – 1:3.
-Ойын біз үшін оңайға түскен жоқ, дегенмен, «Оренбург» «Скендербеуге» қарағанда матчта онша дайын болып шықпады. Олардың соншалықты көп мүмкіндіктері де бола қойған жоқ, бірақ біз қорғаныста көп қателестік. Қарсылас ұйымдастырған шабуылдарының бәрін голға айналдыра алды. Біз қорғаныс жүйесін бір ізге келіп қалды деп санар болсақ – иә, түзететін нәрселер де жоқ емес, алайда шабуыл шебінде ойынды ұйымдастырып, допқа иелік етіп, қарымта шабуылды жүргізетін ойыншы жоқтың қасы. Әзірге ондай ойыншылар жоқ. Өкінішке орай, жеңілдік, бірақ қазір біз күніге екі мезгіл жаттығып жатырмыз, сол себепті де бүгінгі ойында ойыншылар шаршаңқы көрінді, ойынның шешуші эпизодтарында мұқияттылық жетіспеді. Қателіктерді түзету керек, сосын өздерін жақсы қырынан көрсеткен ойыншыларды алып қалуға тырысу керек. Кімді алып, кімді жіберу керектігін шешетін боламыз.