«Ақтөбе» Ресейдің «Оренбург» командасынан ұтылып қалды
«Ақтөбе» командасы түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында ресейлік клубтан ұтылып қалды.
Владимир Мухановтың командасы Ресей бірінші лигасында өнер көрсететін «Оренбург» клубына 1:3 есебімен есе жіберді.
Бұл қазақстандық клубтің екінші жолдастық кезесуі. Бірінші бақылау ойынында Албанияның «Скендербеу» командасынан 1:2 есебімен ұтылған болатын.
«Ақтөбе» сапынан жалғыз голды Абат Айымбетов соқты. Клубтің талантты тәрбиеленушісі осы голымен жарақатынан айығып, қатарға қайта оралғанын көрсетті.
«Ақтөбе» - «Оренбург»
<span>Голдар: Айымбетов - Сутормин, Макаров, Мамтов</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или