Марку Силва «Уотфорд» командасының бас бапкері қызметінен шеттетілді
Бүгін англиялық «Уотфорд» футбол клубы бас бапкері Марку Силваны қызметінен босатқанын жариялады.
Силва «Уотфорд» командасының тізгінін өткен жылы мамыр айында ұстаған болатын. Содан бері ол нашар нәтиже көрсеткен жоқ. Биыл Англия Премьер лигасында 24 ойыннан кейін 26 ұпай жинап, 10-ыншы сатыда келеді.

Бірақ, португалиялық маманның жұмыстан қуылуына команданың нәтижесі емес, басқа жағдай себеп болып отыр. Анығы, «Уотфорд» клубының басшылары Силва рұқсатсыз, жасырын түрде басқа клубтармен байланыста болды деп есептейді.
«Біздің команда Маркудің жетекшілігінде жақсы өнер көрсетіп жүр, оны бас бапкер ретінде шақырғанымыз дұрыс шешім болған. Алайда клуб қызметінің қауіпсіздігі үшін онымен қоштасуымызға тура келді», - деп жазды клубтің ресми сайты.