«Ордабасының» бапкері бұрынғы көмекшісін Қазақстанға шақырып алды
Шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері Георги Дерменджиевке отандасы Петко Петков көмектеседі, деп хабарлайды клубтің ресми сайты.
49 жастағы маман өз елінің бірқатар командаларында бапкерлік және бас бапкердің көмекшісі қызметтерін атқарған. «Септември» командасының бас бапкері болған. 2015 жылдан бастап Дерменджиевпен бірге «Лудогорец» клубын баптады.
Өзінің сенімді көмекшісін Дерменджиев мырза енді Қазақстанға шақырып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или