Виктор Кумыков: «Жеңілсек өкінішті болар еді»

«Шахтердың» бас бапкері Виктор Кумыков «Қайратпен» өткен матч соңынан баспасөз маслихатына жақсы көңіл-күймен келді.

- Қызық ойын болды. Барлық көрермендердің көңлінен шықан болар. Ойынның басында, ортасында гол соғатын мүмкіндіктеріміз болған. Тең нәтижеге де қанағаттанамыз, себебі жеңіліп қалсақ өкіншіті болар еді.

- «Кайратқа» қарсы мықты құрамды шығардыңыз. Бұл немен байланысты?

- Алда Қазақстан кубогы бар. Шыны керек, қазіргі таңда қоластымда 14-ақ ойыншы қалды. Хижниченко, Василевич, Вичюс – бәрінің сырқаты бар. Алып қараңыз, кеше ғана Грекиядан 12 сағат ұшып келдік, кейін Қарағандыдан Астанаға 3 сағат ұштық . Екі күн сайн ойнап бір тәулікті жолға жұмсаймыз. Демалатын уақыт мүлдем жоқ.

- Тең нәтижеге де тәубе дедіңіз… Сонда жеңіске ұмтылмадыңыз ба?

- 3:0 есебімен жеңіліп тұрып есепті теңестіру – ерлік. Не үшін қуаныштымын десеңіз, қосымша уақыттағы голға риза болдым. Алдағы ойындарда осы қарқыннан таймауға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или