Қазақстан ұлттық құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді
Футболдан Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.
Кездесу 23 наурыз күні Венгрияның Будапешт қаласында, «Групама Арена» стадионында өтеді.
Венгрия құрамасы ФИФА рейтингінде 54-орында тұр. 2016 жылғы Еуропа Чемпионатында топтық кезеңнен бірінші орынмен шықты. 1/8 айналымда Бельгия құрамасына есе жіберді.
Өткен жылдың күзінен бастап Венгрия құрамасын бельгиялық маман Жорж Лекенс жаттықтырады. Ол Тунис, Алжир және Бельгия ұлттық құрамаларымен жаттықтыру арқылы танымал болды. Сонымен қатар, 68 жастағы бапкер бельгиялық «Андерлехт», «Брюгге», «Гент», «Локерен», түркиялық «Трабзонспор» және голландиялық «Рода» клубтарын да еңбек етті.
Қазіргі Венгрия құрамасынан Балаж Джуджак, Тамаш Пришкин, Адам Салаи және басқаларын атап көрсетуге болады.
- Біздің команда үшін соңғы Еуропа Чемпионатының басты сенсациясына айналған Венгрия құрамасымен ойнау өте қызықты болмақ. Өткен ғасырдың ортасында Венгрия футболы Еуропа мен әлемде ең мықты ұжымдардың бірі саналды. Венгрия футболы қазіргі таңда жаңа деңгейге шығып келеді. Оны ұлттық құраманың нәтижелерінен байқауға болады. Біздің команда оң нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйласа екен деймін, - деді Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин.
Еске сала кетейік, 2014 жылы қос құрама жолдастық кездесу өткізген болатын. Будапештте өткен ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталған еді.<span id="ctrlcopy"><br /><br /><br /></span>