Алмас Құлшынбаев Қазақстан жастар құрамасының көмекші бапкері болады
Алмас Құлшынбаев футболдан Қазақстан жастар құрамасында (U-21) бас бапкердің көмекшісі қызметін атқаруы мүмкін, деп хабарлайды отандық басылымдар.
Бұл ақпарат әзірге нақты жарияланбағанымен, шындыққа айналу мүмкіндігі өте жоғары. Себебі, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып жақында Талғат Байсуфинов сайланған. Демек, Талғат Маруанұлы көмекші ретінде өзінің үзеңгілес серігін шақырып жатса еш таңғалудың қажеті жоқ. Байсуфинов 2016 жылы ұлттық құрамамызды баптаған кезінде де Нүркен Мәзбаев қатарлы жеті маманмен бірге жұмыс жасаған болатын.
Алмас Құлшынбаевтің бапкерлік салада жүргеніне де он жылдан аса уақыт болды. «Сұңқар», «Спартак», «Жетісу» қатарлы командаларда бас бапкерлік қызмет атқарған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или