«Уфа» командасы Еркебұланды басты назарда ұстап отыр

«Уфа» командасы Еркебұланды басты назарда ұстап отыр

«Уфа» командасымен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан жас қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахметті тек қазақстандық жанкүйерлер ғана емес, ресейлік команданың өзі де басты назарда ұстап отырған секілді. 

Сөзіміздің дәлелі ретінде клубтың жаттығу жұмыстары барысында баспасөз қызметі дайындаған видеоларды айтсақ болады. Команданның әр күнгі жаттығуынан видео шолу дайындауды әдетке айналдырған клуб қызметкерлері футболшылармен бірге жаттығу алаңында жүр.

Осы барыста олар әр футболшыны жеке бақылап, жағдайымен танысуда. Біздің Еркебұланды да естен шығармай, әр қимылын видеоға жазуда. Кезсі келсе бір-екі ауыз сөзбен жағдайын да сұрап қояды. Командаластары оны тек Лео деп атауға дағдыланған секілді.

Төменде, «Уфа» командасының бүгінгі жаттығуынан видео шолу:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или