Әлем футболы

Обамеянг «Арсеналға» ауысуға жақын

news-banner7
mobile-news-top

Алексис Санчестің «Манчестер Юнайтедке» ауысу мүмкіндігі артқан сайын «Арсенал» командасы оның орынын жоқтатпайтын шабуылшы іздеп әлек. Англия ақпарат құралдарының жазуынша Габон құрамасының шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг лондондық клубтің ең басты нысанасы көрінеді.

Жақында «Арсенал» командасының бас бапкері Арсен Венгер Обамеянгтің мінезі өз командасына өте сәйкес келетінін мәлімдеген еді.

Шабуылшы үшін лондондықтар «Дортмунд» командасына 53 миллион еуро төлеуге дайын. Әрі футболшыға 3,5 жылдық келісімшарт ұсынбақшы. Егер шабуылшы Англияға келуге келісімін беріп жатса аптасына 170 мың фунт стерлинг жалақы алатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер