«Реал Мадридті» үлкен өзгеріс күтіп тұр
Испания ақпарат құралдары «Реал Мадрид» командасының президенті Флорентино Перестің шыдамы шегіне жетті деп хабарлайды. Королдық клубтің көрсетіп жүрген өнері көңілінен өтпей кәріне мінген Перес мырза нашар ойнап жүрген бірқанша футболшыны сатып жібермекші.
Негізі жыл сайын жақсы футболшыларды сатып алуды әдетке айналдырған Флорентиноны команданың жақын жылдарда жеткен жетістіктері алдап кетті. Зидан мен оның дәл бүгінгі шәкірттеріне сенім артып, мықты футболшы сатып алуды кейінге қалдырған болатын. Сол шешімі үшін енді опық жеп отыр. Команда Ла лигада басты қарсыласы «Барселонадан» бақандай 19 ұпай қалып кетті.

Осыған күйінген президент бас бапкер Зинедин Зиданның қарсылығана қарамастан командаға реттеу жүргізбекші. Бірқатар футболшыларды сатып 175 млн еуро көлемінде қаржы топтауды көздеп отыр. Осы сомаға сүйене отырып, командаға күш беретін ойыншыларды сатып алмақшы.

Флорентиноның кәріне ең алдымен қос қақпашы Кейлор Навас пен Кико Касилья ілігіп отыр. Олардан кейін Хакими Ашраф, Борха Майораль, Хесус Вальехо қатарлы жас ойыншыларға қош айтпақшы. оларды жалға жіберуі де мүмкін.

Ең маңызды мәселе шабуыл шебінде туындап отырғандықтан, ВВС үштігіне сенім артуды доғару керек деп есептейді. Алдымен жанкүйерлер сенімінен шығып қалған Карим Бенземаны жолға салу көзделіп отыр. Бірақ, Каримді сатуға Зидан мүлде қарсы. Ол өз отандасын қорғап өлуге дайын. Дәл осы арада бапкер мен басшы арасында қайшылық туындап қалуы да ғажап емес.

Одан кейінгі кезек Гарет Бэйлге келеді. Оның шеберлігіне ешкім мін тақпағанымен, жиі алатын жарақаты төзімді тауысып болған. Оның командадағы тағдыры алдағы жарым жылда белгілі болады. Егер тағы жарақат алатын болса, сатып құтылатындары сөзсіз.

Команданың басты жұлдызы Криштиану Роналдуға да тықыр таяп тұр. Бұрынғыдай топырлатып гол соға алмайтын болғалы клубтағы беделі де төмендей бастаған. Енді алдағы уақытта лайықты ұсыныс түсіп жатса португалиялық футболшы да Мадрид қаласынан көшіп кетуі мүмкін.