«Астана» Твумасиді алып қалуға бел байлады

«Астана» Твумасиді алып қалуға бел байлады

<span>«Астана» командасы ганалық шабуылшысы Патрик Твумасиді ешқайда жібергісі келмей қалды, деп хабарлайды отандық басылымдар.</span>

<span>Түркияның «Бурсаспор» клубы Твумасиге қанша қызыққанымен қазақстандық тараптың талабын қанағаттандыра алған жоқ. Олар ұсынған 1,5 млн еуро «Астана» үміт еткен 3 миллионның тең жарымындай ғана болды.</span>

<span>Ал астаналықтар бұндай аз сомаға Патрикті сатқанша келісімді ұзартып, өзімізде алып қалған тиімді деп есептейді. Осы мақсат үшін футболшының агентімен келіссөзді бастап кеткен.</span>

<span>Естеріңізде болса, осының алдында клубтің бас бапкері Станимир Стоилов мырза да кетіп бара жатқан жерінен қайтып келіп, қазақстандық командамен тағы бір жылдық шарт жасасқан болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или