Әлем футболы

2020 жылғы УЕФА Суперкубогы Алматыда өтуі ықтимал

2020 жылғы УЕФА Суперкубогы Алматыда өтуі ықтимал
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылғы УЕФА Суперкубогын өткізу үшін тоғыз ассоциация қызығушылық білдірді, деп хабарлайды prosports.kz uefa.com сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, Суперкубок өтетін стадионды таңдау сайысы 2017 жылдың 8 желтоқсан күні басталған.

УЕФА Суперкубогы-2020 ойынын өткізуге келесі үміткерлер ниет білдірді:

Албания, Тирана, «Национальный»
Беларусь, Минск, «Динамо»
Израиль, Хайфа, «Самми Офер»
Қазақстанн, Алматы, «Орталық»
Молдова, Кишинёв, «Зимбру»
Португалия, Порту, «Драгау»
Солтүстік Ирландия, Белфаст, «Уиндзор Парк»
Финляндия, Хельсинки, «Олимпийский»
Франция, Ницца, «Стад-де-Нис».

Айта кететін жайт, қызығушылық білдірудің заңды күші жоқ. Үміткерлердің қорытынды ұсыныс құжаттамалары осы жылдың 29-шы наурызына дейін тапсырылуы тиіс. Ал УЕФА-ның атқарушы комитеті жеңімпазды 2018 жылдың мамыр айында атайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер